Оқушылар жетістіктері » Райымбек ауданының «Көдек Байшығанұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көдек Байшығанұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2018

Оқушылар жетістіктері

Әкешім
Ел үшін ең жақсысы саналатын,
Жағдайымның шешімін таба алатын.
Асқақ тауым,әкешім алып шыңым,
Мен үшін ең биік боп саналасың.

Ақ көңіл ашық жарқын мінезіңмен,
Мақтанамын әкетай бір өзіңмен.
Қаншалықты тентектеу боламдағы,
Тәрбиеңді ұғамын әр сөзіңнен.

Әр тәрбиең болашаққа беттеді,
Өз халқыңа қызымет қып өт дейді.
Соны ұқсам басқалардың айтқаны,
Асыл әкем бір өзіңе жетпейді.

Өмір кейде өз еркінен шығарсын,
Түзу жолға түсіруге құмарсың.
Қорықпаймын әкетайым сен барда,
Себебі сен сәттіліктей тұмарсың.

Еңбек қорсың асыл ашық жарқынсың,
Тәрбиеде тым қаталдау салқынсың.
Пайдам үшін өмір сүр деп үйретпеген,
Әкетайым мен үшін сен алтынсың.

Жазылмаған парағындай дәптердің,
Аузымызға асыл сөзді сап бердің.
Сәл қиналсақ өз жаныңды қоя алмай,
Сол бір сәтте,жанымыздан тап бердің.

Әкетайым әр сөзіңді сақтағанмын,
2
Қуантады бетімнен қақпағаның.
Бұл күнде талай шыңды бағындырдым,
Сол себепті мен сизбен мақтанамын.
Алла жазса үмітіңізді ақтап шығып,
Мекке дейтін Жәннәтқа өзім ертіп ап барамын.


Ұстаздарым

Бірінші рет қадам жасап басуға,
Келген едім алты-жеті жасымда.
Екінші анам , аяулы асыл ұстазым,
Сізді көріп қанат біткен расында.

Осылайша 1-ші сыныпты бастағам,
Балалықты,тентектікті тастағам.
Бала қиял сіздей болам деу менен.
Кітабымды жастық қылып жастағам.

Сіздей дара болу еді арманым,
Әлі есімде 2-ші сыныпқа барғаным.
Ұстаз әке,тым қаталдау болсаңда,
Қуантады түзу жолға салғаның.

Кундер зулап сыныптар өсе берген,
Жылдар жылжып 3 болым еселенген.
Ұстаздарым баршасы сенің арқаң,
Менде міне түлек болдым кеше келген.

4 оқыдым сыныптан дара тұрған,
Бастауышты бітіргем қанатыңнан.
Ұстазым бұлда сіздің арқаңызда,
3
Көз алдыңда өсті ғой бала тұлғам.

Солай жүріп 5 оқып жартыландым,
Әр ұстазға жәйменен дағдыландым.
Өзімізге пір тұтып баршаңызды.
Қарамаған санамда болдыма кун.

Біліміңді сен аямай берген
Ынтаменен 6шы сыныпқа келгенде.
Бізден артық қуанушең ұстазым .
Шәкіртіңді жоғарыдан көргенде.

7 менен толысқан ед жан –жағым,
Өн бойыма артықшылық салмадың.
Сіз арқылы айқын жолды дәл тауып,
Өз бетімше болған еді арманым.

Көтерілген қырларындай бөктердің,
8 жылдық біліміңді өткердім.
Ұстаз ана қыс,куз,көктем тоғыз ай,
Көз алдыңда біртіндеп ер жеткенмін.

Ерке өскен бала шыңды құландай ,
Ер жеткенбіз бір өзіңе жыр арнай.
Орта білім шыңынада жеткенбіз ,
Жылдар жылжып бір орында тұра алмай.

Қанық болып талай өткен сәттерге,
Қуаныш пен түсіріп ем дәптерге.
Ойын менен 10-шы сыныпты аяқтап,
Ол күндері тыныштықпен жатты елде.

4
Себепшісі болдыңғой сан алыптың,
Бастауындай таусылмас даналықтың.
10 жылдық біліміңнің ең асылы,
Өткен күнде қалдығой балалықтың.

Үйретушең ата салт ырымына,
Төзген едіз балалық қылығыма.
Әлі есімде ұстазым мына сөзің,
Бантигіңды тақ деушең бұрымыңа
.
Ұстаз ана,ұстаз әке жаны ізгі,
Болашаққа салып берген бар ізді.
Жақсыллыққа жолды айқын нұсқаған,
Ұстаздарым алтын адам тәрізді.

Сәтте болса бұл өмірден түңілген,
Сенің берген ақылыңа жүгінгем.
Мына сіздің арқаңызда ұстазым,
Бітіруші түлек болдым бүгін мен.

Сіздей дара ұлылықты таппаймыз,
Артқан биік үмітіңді ақтаймыз.
Бізде енді құры босқа жатпаймыз,
Ұлкен сынақ ҰБТ-ға дайындалып,
Алтын ұя абыройын сақтаймыз.







5

Қоғам тынысы сәбиде

Тым суық,тым жоғары дүрсілменен,
Тым ауыр ,тым қайғылы күрсінгенем.
Қоғамның тынысындай түсініксіз,
Ашылғандай ғажайып бір сыр менен.

Алай-дүлей дүние тербелуде,
Тербелістің соңынан ергенімде.
Тым қаталдау қоғамға тап беріпті,
Бұл өмірге іңгәләп келгенде.

Күн жаңбыр төкті нөсер себеледі,
Мұны адам баласы елемеді.
Кінәсіз бала сәби болғанменен,
Тағдыры тал бесіктен жебеледі.

Тағдырдың қаталдығын татып бала,
Ақшаға айырбастап сатыпты ана,
Тілі жоқ бұл періште ызаменен,
Жылады жөргегінде жатып қана.

Жыласа қоғам бірге тыныстады,
Білдіртпей жүрегінен қылыштады,
Бақыттың не екенін сезіне алмай,
Тек қана көңілінде мұң ұстады.





6
































7

Эссе
Шұрайлы аты елімнің, қасиетінде жерімнің

Мен Қазақстан деген шартарапты шулатқан алып мемлекеттің ұланымын. Ал бүгінгі күнде өз мемлекетіммен мақтанамын. Себебі менің байырғы ата-бабамның өзі -қасық қаны қалғанша өз Отаны үшін,өз жерінің тәуелсіздігі үшін бастарын бәйгеге тіккен. Мына біздер, сол ата-бабамыздың ұрпақтары еңбекпен есейіп, өнегемен көркейген бейбіт елдің білімді ұрпақтарымыз. Біздің әрбіріміздің бүгінгі мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі.Өткенімізді саралап, бүгінімізді сабақтап, ертеңімізге сеніммен нақты қадам жасай аламыз. Аллаға шүкір, кеше кім едік, бүгін кім болдық қазіргі таңда еңбектеген баладан , еңкейген қарияға дейін еліміздің өткен тарихын мақтанышпен еске алары сөзсіз. Бүгінде есін білген ердің өзі мен болашақта кім болам? Елім үшін не істей аламын? -деген сұрақты бала күннен ой елегінен өткізеді. Себебі ес білген уақыттан біздің әрқайсымыздың санамызға сен Қазақ деген қайсар елдің ұрпағысың, сенің бұл бейбіт өмірді сүріп жатқаның ата-бабаңның маңдай тері мен қаны, жаны талай баланың көз жасымен, талай ананың тілеуі деп санамызға сіңдірген еді.
Сол бір қиын қыстау кезде, жау шапқан уақытта қара басының қамын ойламай, ұлтарақтай жері үшін өз отбасын тастап майдан даласына аттанған күші мен қуаты- дәл бүгінгі біздің бейбіт өмір сүруімізге себепші болып отыр емес пе?.
«Бақ-бақ еткен текені-қар жауғанда көресің, батыр сынған жігітті -жау шапқанда көресің» деп ұлы батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтпақшы жау шапқанда да, қар жауғанда да өз Отаны үшін кішісіде үлкені де қара жауды


8
қаймықпай қарсы ала білді.Жарайды оны қойшы тіпті сонау 1941-1945 жылдар аралығын көз алдыңа елестету мүмкін емес.Міне осыншама қиындыққа мойымай ұрпағының ертеңі үшін өз жандарын қия білген ата-бабаларымызбен мақтанамыз.
Шұрайлы ата еліміздің,қасиетті жеріміздің әрбір тасы мен суы , тауы мен жазығы мен үшін ыстық .Себебі мұнда таусылмайтын тарих пен сарқылмайтын рухтың жігі жатыр.Бүгінде елімнің қандай жетістікке жеткені болсын,қандай шыңға шыққаны болсын барлығы да сол ата-баба арманы мен еңбегі.Осы орайда сол ерлердің бүгінде еңбектері біздің әр бірімізге мақтаныш пен күш қуат береді.
Біз қашаннан Қазақ деген ел болып қалыптасқан сәттен бастап алдымызға үлкен армандар мен мақсаттарды қоя білдік тіпті оның біршамасын орындап та үлгердік .Қазіргі кезде Елбасымыздың бәсекеге қабілеттілік бөлімінің үшінші жаңғыруы бойынша «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» үндеуі бойынша үлкен мақсатты алға қойып, осы мақсат арқылы ата-баба тарихын ұмытпауымыз керек. Олай болса осы мақсат жолында шұрайлы атамекенімізді қадірлейік,қасиетті жерімізді құрметтейік!












9
Тулайды жүрегімнің түбінде өлең


Өмірдей өлшенетін жырым менен,
Толқыны тербелістей білінбеген.
Бақыт, шабыт ерекше нұр беретін,
Тулайды жүрегімнің түбінде өлең.

Тулайды тыншымайды жүрегімде,
Құлшынысты силайды мына өмірге.
Жыр деген бір ғажайып сезім екен,
Шыққандай өнімі мол бір егінге.

Тересің шабытыңды шарқ ұрасың,
Жыр менен алға қарай талпынасың.
Бірде мұңлы,бірде сырлы ғажайыптың,
Өлең деген айдынына малшынасың.

Тұғырыңды биік қып ұстайтындай,
Шабытыңды шындықпен ұштайтындай.
62-қаныңды бір тулатып,
Жыр жаз деп жүрегіңнен қыстайтындай.

Жырымсыз жан дүниемді ұға алмаймын,
Өмірімнің ертеңін біле алмаймын.
Жанымды айтқызбайақ түсінетін,
Өлеңсіз бір сәтке де тұра алмаймын.

Матиматика әлемі
Алға қойған мақсат етіп бар елі,
Милионға дейін шексуіз сандар бар еді.

10
Қарапайым әр жылыңды санайтын,
Бұлда міне матиматика әлемі.

Нөлден бастап шексіздікке әкелген,
Санасатын сан арқылы жат елмен.
Әр сандарды түсінген жан мұндағы,
Интегерлер қиындықсыз қатеммен.

Аз сөйлеумен көп ойлауды қалайды,
Матиматика қосып алып санайды.
Сабақталған ине жібі секілді,
Біріктіріп бәрінеде жарайды.

Ана тілі қажет болса адамға,
Матиматика солай қажет қоғамғма.
Қаншалықты білім құмар болсаңда,
Шабыт керек шырай керек оғанда.

Мамандығым мақтанышым

Мәселені жақтайтындай қоғамдық,
Сақтайтындай өршіл мінез адалдық.
Бала шақтан арманына айналған,
Болу керек әр адамда мамандық.

Ал өзімнің мамандығым ардағым,
Тілші болу бала күнгі арманым.
Алла жазса бұл саланы қолыма ап,
Болашақта бар ғұмырды арнаймын.

Күн түн демей ұақыттың сарына,
Жауап жасап халықтың мұң зарына.
11
Сол елімнің қажетіне жарасам,
Қуанар ем мамандықтың барына.
Ашщы болса шындықтарды қарайтын,
Бұл жайында ойланып ем талай түн.
Не болсада мамандықты дәл таңдап,
Болсам екен бұл қоғамға жарайтын.

Қызымет етіп аямайтын елге мың,
Көтеретін сынын , мінін, бергенін.
Қиындығын қуанышпен көтерсең,
Болар еді бұл салада жеңгенің.

Солдырмайтын ешбір жанның жанарын,
Төтеншелеп түзу жолын табамын.
Халқым үшін мың өліп,мың тірілер.
Әлі талай тілші қызың боламын.

Рухани жаңғыру
Тарихтың тартып тамырын,
Дәуірдің шертіп сарынын.
Рухын асқақ көтерген,
Бұл күнде қайсар халығым.

Білімге қойып талшапты,
Бар әлемді қаратты.
Жоғары көкке ұмтылып,
Елге айналды санатты.

Рухын бекем ұстаған,
Тәрбиесін ұштаған.
Бабамнан қалған өсиет,
Бұл күнде берер күш маған.

12
Асыл анам

Асыл анам ,аяулы анам,ардағым,
Мейіріммен баурай тұғын жан-жағын.
Сізден алған тәрбиемді ұмытпай,
Үмітіңді ақтау ғана арманым.

Асыл анам өзіңді пір тұтқанмын,
Сенің арқаң бұл бикке шыққаным.
Таппайды екем бір өзіңдей ғаламнан,
Бұл өмірден соны ғана ұққаным.

Сен арқылы тіршілікті сезінгем,
Танып сездім бала сәби кезімнен.
Сөйлеу,көру барлығында үйрендім,
Асыл анам мақтанамын өзіңмен.

Алғаш ұққам ана деген сезімді,
Құшағыңа алдыз сәби кезімді.
Ал бұл күні мақтанышпен анашым,
Сіз арқылы қабылдадым шешімді.

Ақжол менен болашаққа баптадың,
Не атсамда күлімсіреп жақтадың.
Өзің берген әр тәрбиең жадымда,
Сізден артық ақылшымды таппадым.
Бұл бір күнде өзіңізбен мақтандым.




13
Призидент күні. Астанаға 20 жыл


Астанамыз 20-жылға толуда,
Бас қаламыз сәнді қала болуда.
Сән қаланы өркендетіп өсіру,
Сақтап тұр жас ұрпақтың қолында.


Ел бірлігін сақтайтындай көргенді,
Айшықтады ата қоныс жерлерді.
Қазағымның маңдайына жаралған,
Елін сүйген ,елі сүйген ер келді.

Рухани жоғрыға жаңғырдық,
Көрсетуде ғаламымда алғырлық.
Қазақ денген қасиетті ел болып.
Тарихыма мәңгі мұра қалдырдық.

Ата-баба аманатын жалғадық,
Тәуелсіздік жолдарына арнадық.
Білім іздеп біз жас ұрпақ бүгінде,
Ел намысын талай сында қорғадық.

Тәуелсізбіз , егеменді, еркінбіз,
Желіп жүрген жүйріктейін желпінбіз,
Ұланымыз Қазақ деген халықтың.
Сөзім осы азат жігіт, сертін қыз.




Алюминий
Менделиев жасаған бұл жүйеге қараңыз,
14

Неше түрлі реаксяға саламыз.
Қасиетін басқа затқа айналдырып,
Бұл сабақтың сырын солай табамыз.

Табиғатта қосылыспен таралған,
Алюмени күміс түстес жаралған.
Қышқылдар мен сілтілер мен қосылып,
Бұл металдың қасиеті сан алуан.

Белсенділік көрсететін тараптан,
Ортасында торы болған санаттан.
Ұлы химик Менделиев металдың,
Атомдарын 13 қылып жаратқан.

Екі дайлы белсенділік жоғары,
Иілгіштік қасиеті болады.
Менделиев жасаған бұл жүйеден,
Алюмени үлкен орын алады.

Мен елімнің ұланымын
Тәуелсіздік ата-баба арманы,
Сол арманды бүгінгі ұрпақ жалғады.
Еркіндікпен ән ұраным шырқалып,
Көк байрағым көк аспанда самғады.

Ал бұл күнде мақтанамын ұлы елім,
Біздер үшін таусылмайтын жыр едің.
Таңданыспен бар әлемді қаратқан,
Қазақ деген қайсарлықтың пірі едің.
15
Біз қазақпыз оны мәнгі сақтаймыз,
Қазақтықтан ешбір айып таппаймыз.
Ел тізгінін ешбір жауға бермеген,
Ата-баба аманатын ақтаймыз.

Жерден қуат күн нұрынан нәр алған,
Орындалып келе жатыр бар арман.
Бәсекеге қабілетті ұрпақпыз,
Шын бақытты Отанынан таба алған.


Отбасым
Тіреуімде, сүйеуімде барымда,
Жалыныма қосатұғын жалында.
Әй адамдар бір ғана сөз айтарым,
Бағалайық отбасының барыңда.

Ата-анам өмірге әкеп өсірген,
Ағат кетсем бар қатемді кешірген.
Көре қалса бұл бойымнан жақсылық,
Барын беріп бір мен үшін көсілген.

Мағжан,Қайсар бауырларым нарларым,
Жалғастырар ата-анамның салғанын.
Бақытты өмір кешсеңдер егер екеуің,
Жоқ болар ед бұл өмірге арманым.

Айжан,Бота , Ақниетім сырластарым,
Сендер жайлы бұл күні жыр бастадым.
Бөлігі бұл жанымның сендерсіңдер,
Өздеріңсіз өмірде тымбас жаным.

16

Бұл өмірге мен екірет келмеспін,
Тағдыр берген жолдармен сербестім.
Отбасымды еш қашанда ешкімге,
Алтынғада айырбастап бермеспін.

Сыныптастарым

Балалықтың бірге өткізіп шақтарын,
Тоздырып ек кең ауланың бақтарын.
Өткен күннің айқын тізбектерінен,
Өздеріңнен жақын досты таппадым.

Бір сыныпта ,бірге көрдік талай күн,
Өткеніме қызығып мен қараймын.
Өздеріңмен өткізген бар жылымды,
Қайталанбас бақытыма балаймын.

Ал бұл күнде жайқалған бір қайыңбыз,
Мектепті де тәмандауға дайынбыз.
Алдағы армандар орындалып,
Тудырайық жақсылықтың айын біз.

Бірге жүрдік бірге өстік бауырдай,
Өздеріңді жүре алмаймын сағынбай.
Айналайын достарым бұл бір күнде,
Жиырмамыз жақын өскен тамырдай.

Ата-апам
Өнегесін беріп елге батасын,
Ақ тілеуін тілеп ылғи жатасың.
Ұрпағыңа тәрбиеңді айямас.
17
Кемеңгерсің алып туған аташым.

Батаңменен түзу жолды нұсқайсың,
Шабытьымды соның менен ұштайсың.
93-табан тіреп шықсаңда,
Алла берген түзу жолдан шықпайсың.

Бірге көріп бар қызығын апаммен,
Өсіріп ең бізді мынау батаңмен.
Мен сіздерді бәйтерекке балар ем,
Бар қызығын бірге көрген Отанмен.

Тәрбиеңнен талай нәрсе ұғамын,
Ашып алып адалдықтың бұлағын.
Әлі талай өмірдің бұл жолында,
Үмітіңді ақтап мен бір шығамын.
Ұрпағына үлгі өнеге саналған,
Апам-атам кемеңгерім бұлағым.


















































































































































«К.Байшығанұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








11-сынып оқушысы Арман Оразгүл
2017 жыл
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив